29.03.2021
  353


Автор: Мұқағали Мақатаев

Сені естігем

Сені естігем,
салтанатты нәзік үні органның,
Жексенбіде жанай өтіп,
шіркеу жақта болғанмын.
Естігемін, қараңғыда,
құйынды күз, ортасында орманның,
Күрсінген күрсіністен төңірегім толған мұң.
Операдан, ғажайып бір,
Италия тенорын да тыңдағам,
Квартетте сопрано сыңғыр үнін сырлаған,
Дел-сал түнде, махаббатым,
басымнан сен құшқанда,
Сенің дағы қан тамырың өн бойыңда тулаған,
Құлағымның дәл үстінде
қоңыраулатып, тынбаған.




Пікір жазу