29.03.2021
275
Болашақ ақындарына
Жыршы, күйші, шешендер!
Болашақтағы ақындар!
Бұл күнім мені маңдытпас,
Кіммін, қандай затым бар?
Туысы бөлек, тұрақты,
Ұлыдан да ұлы батылдар.
Келіңдер! Мені ақтауға,
Сендердің ғана қақың бар.
Жөн сілтер бірер сөздерді,
Жазам да алғы күн үшін,
Қаққанша кірпік бір сөйлеп,
Кеземін қайта түн ішін...
Сергелдең топтан көрсеңдер,
сенделген жанның бірісің.
Сол — менмін, шолып сендерді,
Жасырып жүзді сендерден,
Қалдырып көркем бейнені,
Жаса деп жанды, ірісін
Сендерден ғана салмақты ой,
Сарыла күту — жұмысым.
Болашақтағы ақындар!
Бұл күнім мені маңдытпас,
Кіммін, қандай затым бар?
Туысы бөлек, тұрақты,
Ұлыдан да ұлы батылдар.
Келіңдер! Мені ақтауға,
Сендердің ғана қақың бар.
Жөн сілтер бірер сөздерді,
Жазам да алғы күн үшін,
Қаққанша кірпік бір сөйлеп,
Кеземін қайта түн ішін...
Сергелдең топтан көрсеңдер,
сенделген жанның бірісің.
Сол — менмін, шолып сендерді,
Жасырып жүзді сендерден,
Қалдырып көркем бейнені,
Жаса деп жанды, ірісін
Сендерден ғана салмақты ой,
Сарыла күту — жұмысым.