29.03.2021
  498


Автор: Саят Әбенов

Ғашық болғым келмейді

Ғашық болғым келмейді қорқынышты,
Махабаттың себебі өрті күшті...
Сағыныштың теңізі тербелгенде,
Маза бермес жүрекке толқын ішкі.

Ғашық болғым келмейді түсін мені,
Қасірет те аз емес ішімдегі.
Өңімдегі мұң-қайғым болғанынша,
Бақытым боп жүре бер түсімдегі.

Ғашық болғым келмейді бауыр басқым,
Сезім жайлы білмейтін қазір жаспын.
Махаббат - ол Рактан да жаман ауру,
Ол ауруға шалдықсам жазылмаспын!

Ғашық болғым келмейді ұнатқым да,
Жылатқым да келмейді жұбатқым да.
Сол себепті сезімнің жазуына,
Нүктесін қой, ғашығым, сұрақ қылма...





Пікір жазу