29.03.2021
171
Торғайлықтарды қайрау
Қорықпайтын жау шапса да дұшпаннан,
Сол мекенді бір көруге құштар жан.
"Торғай" дейтін құтты жерден боламыз
Үкіметтің назарынан тыс қалған.
Көпшілікке жетсе деймін қайрауым,
Күнə болар қызыл тілді байлауым.
Құшағында туылған соң жырлаймын,
Жақсы көрем кең даласын, жайлауын.
Анау дейміз мынау дейміз отырып,
Бір-ақ сəтте патриот боп өтірік.
Торғайлықтар бірікпейміз неліктен,
Көп алдында көкігенше көпіріп.
Əншілерің "Торғайым" деп əн салсын,
Ақындарың жерін жырлап тамсансың.
Балуандарың көшіп кетпей қалаға,
Ал əкімдер келген жанды қарсы алсын.
Жалындасын жалын оттай жастарың,
Бір арнаға тоғыстырып бастарын.
Оқу оқып еңбек етсін Торғайда,
Құлы болып жегілгенше басқаның.
Дауыс жиғыш депутаттар жүр қайда,
Көмектессін елдің сөзін тыңдай ма?
Сайланарда "Торғайым" деп толғанар,
Ауыз ашпай отырады мұндайда.
Бір пайдасы тисе деймін қоғамға,
Жетелесін адастырмас жол алға.
Аманкелді, Жанкелді боп бөлінбей,
"Торғайлықпыз" деп айтайық оданда.
Азып-тозып жатыр міне босқа ауыл,
Қайда сол бір көңіліміз хош дәуір?
Уын жұтып отырғанша гептильдің,
Қолдан келсе қояйықшы тосқауыл.
Жаман орыс шекараңды тұр аңдып,
Көкейінде жерге деген құмарлық.
Оянайық, бірігейік, қанекей,
Торғай əнін құр айтқанша ұран қып.
Ел едік қой жүрек жұтқан еңселі,
Сол себепті құрметтеймін мен сені.
Қызыл қанға боялған жоқ бекерге,
Сенен шыққан батырлардың семсері.
Өкпеліміз бұл өмірге шерліміз,
Көктем өтіп басымызға келді күз.
Оян, Торғай, Мыржақовқа құлақ ас,
Ұйықтайтын уақыт емес енді біз!
Мақтанамыз бір өзің де туғанға,
Қазыналы ата жолын қуғанға.
Абай ақын айтып кеткен сияқты,
Ей, Торғайым, сен ішпеген "У"бар ма?
Тарыдай боп шашылдық қой бүгін де,
Туған жерім сен болмасаң күнім не?
Баяғыдай облыс боп дүрілдеп,
Көгімізде қайта кун боп күлімде!
Сенен шыққан таланттылар бағалы,
Мұқалмасын Қонысбайдың қаламы.
Шыныменен облыс боп ашылсаң,
Айбектің де ашылады қабағы.
Қонақжайсың жұртқа құшақ ашасың,
Жамандарға тау суындай тасасың!
"Торғайым" деп жүректері соғатын,
Торғайлықтар мəңгілікке жасасын!!
Сол мекенді бір көруге құштар жан.
"Торғай" дейтін құтты жерден боламыз
Үкіметтің назарынан тыс қалған.
Көпшілікке жетсе деймін қайрауым,
Күнə болар қызыл тілді байлауым.
Құшағында туылған соң жырлаймын,
Жақсы көрем кең даласын, жайлауын.
Анау дейміз мынау дейміз отырып,
Бір-ақ сəтте патриот боп өтірік.
Торғайлықтар бірікпейміз неліктен,
Көп алдында көкігенше көпіріп.
Əншілерің "Торғайым" деп əн салсын,
Ақындарың жерін жырлап тамсансың.
Балуандарың көшіп кетпей қалаға,
Ал əкімдер келген жанды қарсы алсын.
Жалындасын жалын оттай жастарың,
Бір арнаға тоғыстырып бастарын.
Оқу оқып еңбек етсін Торғайда,
Құлы болып жегілгенше басқаның.
Дауыс жиғыш депутаттар жүр қайда,
Көмектессін елдің сөзін тыңдай ма?
Сайланарда "Торғайым" деп толғанар,
Ауыз ашпай отырады мұндайда.
Бір пайдасы тисе деймін қоғамға,
Жетелесін адастырмас жол алға.
Аманкелді, Жанкелді боп бөлінбей,
"Торғайлықпыз" деп айтайық оданда.
Азып-тозып жатыр міне босқа ауыл,
Қайда сол бір көңіліміз хош дәуір?
Уын жұтып отырғанша гептильдің,
Қолдан келсе қояйықшы тосқауыл.
Жаман орыс шекараңды тұр аңдып,
Көкейінде жерге деген құмарлық.
Оянайық, бірігейік, қанекей,
Торғай əнін құр айтқанша ұран қып.
Ел едік қой жүрек жұтқан еңселі,
Сол себепті құрметтеймін мен сені.
Қызыл қанға боялған жоқ бекерге,
Сенен шыққан батырлардың семсері.
Өкпеліміз бұл өмірге шерліміз,
Көктем өтіп басымызға келді күз.
Оян, Торғай, Мыржақовқа құлақ ас,
Ұйықтайтын уақыт емес енді біз!
Мақтанамыз бір өзің де туғанға,
Қазыналы ата жолын қуғанға.
Абай ақын айтып кеткен сияқты,
Ей, Торғайым, сен ішпеген "У"бар ма?
Тарыдай боп шашылдық қой бүгін де,
Туған жерім сен болмасаң күнім не?
Баяғыдай облыс боп дүрілдеп,
Көгімізде қайта кун боп күлімде!
Сенен шыққан таланттылар бағалы,
Мұқалмасын Қонысбайдың қаламы.
Шыныменен облыс боп ашылсаң,
Айбектің де ашылады қабағы.
Қонақжайсың жұртқа құшақ ашасың,
Жамандарға тау суындай тасасың!
"Торғайым" деп жүректері соғатын,
Торғайлықтар мəңгілікке жасасын!!