29.03.2021
  318


Автор: Саят Әбенов

Қыз өмірі...

Қыз өмірі - сын сағатта сыналу,
Қиындықты жан-тəнімен құп алу.
Қасиеттің жиып бойға жақсысын,
Қасіреттің шырмауынан шыға алу.

Қыз қылығы - сəл боянып, сылану,
Үлкендерге ізет қылу, тіл алу.
Құрбылармен шығар болса көшеге,
Анасынан рұқсат алып сұрану.

Қыз арманы - бақытты боп қуану,
Жыласа да махаббатпен жұбану.
Ең бастысы тойда киіп ақ қөйлек,
Адал сүйген адамынан гүл алу...

Қанша сұлу, қанша көркем жүр ару,
Болсын мейлі миллион ару, мың ару.
Жүрегінде бірақ əрбір жігіттің,
Өмір сүру керек екен бір ару!




Пікір жазу