29.03.2021
372
СЕЗІМ ГҮЛІ
Сенің мұңлы жанарыңда қалды арман,
Сол арманды мен ғанамын аңғарған.
Мен өзіңді сүйгендіктен қызғанам,
Сені мендей сүйе алмайтын жандардан.
Сенің мөлдір көздеріңде қалды мұң,
Берші маған сол мұңыңның барлығын.
Мен өзгенің тағдырынан қызғанам,
Маған ғана арналғандай тағдырың.
Сенің ыстық кұшағында қалды гүл,
Сол берген гүл жылытар ма жанды бұл?
Гүлді қойшы, гүлдей нәзік жүрегің,
Жүрегіммен болса деймін мәңгі бір.
Сол арманды мен ғанамын аңғарған.
Мен өзіңді сүйгендіктен қызғанам,
Сені мендей сүйе алмайтын жандардан.
Сенің мөлдір көздеріңде қалды мұң,
Берші маған сол мұңыңның барлығын.
Мен өзгенің тағдырынан қызғанам,
Маған ғана арналғандай тағдырың.
Сенің ыстық кұшағында қалды гүл,
Сол берген гүл жылытар ма жанды бұл?
Гүлді қойшы, гүлдей нәзік жүрегің,
Жүрегіммен болса деймін мәңгі бір.