28.03.2021
  524


Автор: Мұқағали Мақатаев

Сағатым қайда, сағатым

Қалған ба тағы таң атып?!
Жайған ба жасыл қанатын?!
...Таусылмас менің тағатым
Соқ, соқ, соқ, менің сағатым!
Келген бе тағы күн шығып?!
Күн шығып,
Жерге құлшынып,
Енген бе тағы тіршілік?!
Армысың, асау тіршілік!
Тұрмысқа қажет табатын,
Беретін және алатын,
Мезгіл де болып қалған ба,
Алатын жерге баратын?!
Таусылмас менің тағатым
Соға бер,
Соқ, соқ, сағатым!




Комментарии

24.06.2021 11:13
Жайған ба жасыл қанатын

Пікір жазу