18.03.2021
  264


Руымыз әнжан,
Атқа міндік алты адам,
Алтымыз да балуан,
Тұра қашты бір қоян,
Басып қалдық жалма-жан.
Басып тұрдық бесеуміз,
Бауыздадық біреуміз,
Мойны шықты қырық сабын,
Бұзаушығы былай тұр.
Терісі шықты алпыс етік,
Қырық ұлтан,
Сыздығы былай тұр,
Мұны өтірік демессің,
Ойланып ал, шыдай тұр.

Жауабы: Алты ай жаз, бір жыл, бес ай қыс, қыстан жазға аударылған ай, қырық сабыны - қырық күн шілде, терісі алпыс етік шықты дегені - көктемнің екі айы, алпыс күн




Пікір жазу