Журналистер ел алдына жүретін
Ия, журналистер расында да ел алдында жүретін ақпараттарды телеарналар мен журнал-газеттер арқылы халыққа тарататын жалпы адам өміріндегі маңызды сала. Олардың басты жұмысы елдің мұң-мұқтаждары мен елдегі болып жатқан жағымды да жағымсыз жаңалықтарды бұқаралық ақпарат арқылы елге жеткізу болып табылады.
Кейбір тілші өз деңгейіне қарай біреуден оза жазады, енді бірі біреуден қала жазады. Олар жалпы ізденіс үстінде жүретін маман иелері. Халықтың ішіне кіріп, олардың мұң-мұқтаждарын тыңдап, қуанышты сәттері мен басқа да маңызды кезеңдерді жариялау үшін үздіксіз жұмыс жасайды. Дей тұрғанмен қазір ғаламтордың заманы емес пе, әр адамның қолында телефон, соткасы бар. Журналистер, тілшілер керек болса бір қоңырау арқылы оларды шақыртып ала алады. Бұл әрине уақытты үнемдеу жағынан пайдасын беретіні анық.
Ел алдында жүретін журналистердің көпшілігі халыққа жақын, ел үшін деп қызмет етеді. Олар шындық үшін күресетін батыл жүректі жандар. Шындықты дәлелімен келтіріп тұрып жазатын журналистер ешқашан біреуге жағымпазданып не болмаса біреудің ақшасы үшін жазбайды. Олар тек шындықты жазып халық алдында мәртебесін асырып жатады.
Сонымен қатар журналистерді тіл жанашырлары дей аламыз. Өйткені олар шешеш тілді, бір жазса жүрекке жеткізіп, сүйектен өткізіп жазады. Сондықтан қазақ тілінің ел алдындағы абыройын арттыру жолында осындай тілшілеріміздің еңбектері орасан көп дей аламыз.
Ел алдында еңбек етіп, елдің қамын жеп жүрген журналистерге Алланың нұры жаусын дей отырып, оларға сарқылмас шабыт, таусылмас бақыт тілейміз!