Кәсіби мереке – Энергетика күнімен құттықтау. Құрметті энергетиктер!
Кәсіби мереке – Энергетик күнімен шын жүректен жылы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Энергетика – әлеуметтік-экономикалық прогресс пен еңбек өнімділігін арттырудың қозғаушы күші бола отырып, экономикалық өсу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және білім беру тұрғысынан адамдар мен елге әсер ететін іргелі сала болып табылады.
ТЖ кезінде Екібастұз қаласының аумағында авариялық – қалпына келтіру жұмыстарына қатысқандарыңыз үшін өңіріміздегі энергетика саласының өкілдеріне барлық қала тұрғындарының атынан зор алғысымды білдіремін.
Сіздер қиын-қыстау жағдайда уақытпен санаспай бірігіп, ұйымшылдық пен табандылық таныттыңыздар. Қаланың жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, қала тұрғындарының үйіне қайта жылу бергенше жұмысты соңына дейін атқарып, өз денсаулықтарыңызды ойламастан, тәулік бойы еңбектендіңіздер.
Осы мереке күні сіздерге және сіздердің жақын-туыстарыңызға апатсыз жұмыс, шексіз өмірлік қуат, мықты денсаулық, мерекелік көңіл-күй тілеймін!