15.10.2023
  272


Автор: Әкім Ысқақ

НЕ МАҢЫЗДЫ

Адаммен қалай танысқаның маңызды емес, қалай араласқаның маңызды. Атқарған шен-қызметің маңызды емес, адамдық ізетің маңызды. Доспыз деп жар салғаның маңызды емес, нағыз достығың маңызды. Қымбат көлігің маңызды емес, қымбат та адал көңілің маңызды. Қай жерде туғаның маңызды емес, адамдық парызды ұмытпағаның маңызды. Алыста жүргенің маңызды емес, қай жерде жүрсең де қадіріңді жоғалтпау маңызды. Қанша оқу орнын бітіргенің маңызды емес, адамдық тірлік, азаматтық іс бітіргенің маңызды.Әйтеуір тірі боп бос жүргенің маңызды емес, жарқырап, жайнап, өкінбейтіндей өмір сүргенің маңызды.





Пікір жазу