15.10.2023
220
АДАМДЫҚ ОТ
Адамдар қызық. Біреу шам жағады, біреу оны өшіреді. Біреу өзгенің сенімін жағады, ал біреу сенім отын күлге айналдырады. Біреу ізгілік отын алаулатады, ал енді біреу тоңазытқыштан жаңа шыққандай аяздай шарпып,мұз боп қатып қалады. Біреу қараптан қарап тоңады, қанша от жақса да, қанша пеш қосса да жылына алмайды. Өйткені жылылықтың не екенін ұғына алмайды.Ал біреу адамдық ықыластан, шынайы көңілден,сезім гүлінен жылылықты сезінеді. Жылылықты сезіну - адамдықты сезіну емес пе? Ия,бәрінен де адам жүрегіндегі жарықты жаға білгенге, көңіліңдегі отты таба білгенге не жетсін, шіркін?