meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.10.2023
  476


Автор: Әкім Ысқақ

Жүректегі хат

Жанымды тербетеді жүректегі үн,
Хатыңда жасырулы тілектерің.
Өзіңсің өмірімнің мағынасы,
Өзіңсің өлеңге өріп, жыр еткенім.

Шуағы арайлаған ақ таңдардай,
Сезімнің хабаршысы, хаттар қандай!!!
Сыр түйген сезімді ойдың әр парағы,
Бар сырын ғашықтардың ақтарғандай.





Пікір жазу