15.10.2023
  108


Автор: Әкім Ысқақ

Пәк сезім

Үмітімді үзбеген,
Үлбір сезім емес пе?
Тағат таппай іздеген,
Түсесің тек сен еске.

Бір арнада бірге едік,
Қос аққудай самғаған.
Кетер еді түрленіп,
Өзің барда бар ғалам.

Асқақ еді арман да,
Аспанда еді бақ үміт.
Жаза басып жалғанда,
Жүрмейікші жаңылып.

Сағыныш боп күз деген,
Неге жаным мұңайды?
Сағат сайын іздеген,
Қайда жаным шырайлы?

Мазалайды жыр мені
Өз сезімім жақын-ақ...
Неге - неге білмедім,
Діріл қақты жапырақ?

Сенсіз өткен бір күнім,
Салмақ болды жүрекке,
Қызғаныш боп құрғырың,
Жетті міне бір өкпе...





Пікір жазу