14.10.2023
  221


Алижан Ерболат

Бақыт , бақыт не өзі ?

Бақыт , бақыт не өзі ? Тамсандырған талайды .


Тау құлатқан кіршіксіз бір маңайды ,


Бақыт бәлкім атақ пенен тақта деп 


Жұрттар мұны бақыт деп бір санайды .


 


Бақыт бәлкім ырысың мен тынысын 


Бақыт бәлкім сен бастаған ұлы ісің .


Бақытты сен шатастырма ешқашан


Бақыт деген ата - анаңнын күлкісі .


 


Бәлкім бақыт сен жасаған жұмысың .


Бақыт бәлкім кешегі бір жүрісің ?!


Бақыт деген не деп жүрсің сен өзі ?


Бақыт деген өмір сүру , жаңа таңыс , туысың !


                                              Алижан Ерболат





Пікір жазу