12.10.2023
140
Қаншама адам жол тартты бұл соғысқа
Қаншама адам жол тартты бұл соғысқа,
Жиырма екі мың адам елімізден.
Жиырма екі мың отбасы алаңдады,
Жақыны үшін қайғырып жерімізден.
Қаза тапқан жеті жүз алпыс бірі,
Отбасыны қайғыртып майдангерлер.
Жиырма бірі хабарсыз кеткен соғыс,
Еселетіп қайғыны айбынды ерлер.
Бұл бір соғыс қалайша ұмыт болсын,
Жара салса жанымызға салса дағын.
Қазір елде он мыңдай ардагер бар,
Ауыруы асқынған қинап жанын.