11.10.2023
189
![](/uploads/shorttexts/author_image/2023-10-09-15-36-49.png)
Мен - қазақпын!
Мен - қазақпын!
Тәуелсізбін, Азатпын!
Туды міне - көптен күткен ғажап күн!
Орта Азия құрлығына ғажайып -
Қала салып, дамып жатыр алашым!
Мен - қазақпын!
Мұсылманмын, түркімін!
Кешегі өткен батырлардың рухымын.
Байтақ елмін, қайта келдім өмірге -
Желтоқсанның жастарының рухымен!
Мен - қазақпын!
Бар Тұрандық тарихым,
Ел болдық біз - күллі әлем танитын.
Қолыңды бер - дос болуға серттессең,
Мен таңдадым бейбіт жолды дамитын!
Мен - қазақпын!
Досқа - адалмын, жауға - өш.
Досым болсаң - ақылыма ақыл қос.
Жер шарында бақытты өмір кешейік -
Бірлік барда, тірлік барын білгін дос!