11.10.2023
  177


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Орамал

Хауа анамнан мұра болған орамал,
Аруларға пана болған орамал.
Періштедей пәк қыздардың басында,
Тазалыққа күә болған орамал.

Сұлуларға қорған болған орамал,
Періштеге жолдас қылған орамал.
Орамалы жоғалғанда қыздардың,
Ары менен намысы да тоналар.

Аналарға еліктеткен орамал,
Келіншекті көрікті еткен орамал.
Сұлулықты бөгде көзден жасырып,
Жұбайына сүйікті еткен орамал.

Әйелдерді бақытты еткен орамал,
Әжелерді ақылды еткен орамал.
Ақ самайлы, жалаң басты жасырып,
Қазақы өңге мейір берген орамал.

Немереге "әже" сөзін айтқызып,
Келіндерді "ана" еткізген қай қылық?
"Орамал мен кимешегі қазақтың,
Сән болды"- деп,​ жүргендер бар қайғырып.

Заман кетсін дамып мейлі,​ шарықтап,
Қыздарымыз шашын жайып, жатқа ұқсап.
Ақ орамал — аманаты анамның,
Кетем оны ұрпағыма табыстап.

Орамал ол — Жаратқанның бұйрығы,
Пайғамбарды жүректердің сүюі.
Жаным барда екі етпеймін парызды,
Орындаман.. орынсыз бұл тиымды!

Гүлмекен Қасенбай
24.06.2022





Пікір жазу