Әке
Әке, Қасыке, шатақ шал кеттің қайда?
Орның қалды ойсырап... төрде мына...
"Аға"-деуші-ек,
Әжеге табиғи боп...
Сол ағадан айрылдық...
Шара бар ма...?!
Қарапайым сары шал кете бардың!
Туыстардан жырақтап...
Жеке қалдың.
Мұздауық ең,
Қара жер тоңдырмай ма?
Періштелер тергейтін жерге бардың!
Күні-түні...
Дұға етіп Жаратқаннан.
Сұрап жүрмін өзіңе - Тақ Жаннаттан.
Рахманның мейірімі шексіз дейді,
Алыс қылғай өзіңді отты азаптан!
Әкешім...
Қиналды-ау жаның әбден..
Ажалға кім бар дейсің қарсы келген?
Осы бір қиындықтар өтеуімен,
Төгілсе екен бар күнәң қалмай мүлдем!
Кемпіріңмен қоштасып разы болып,
Қайырласып, маңдайдан иіскеп сүйіп.
Ұл-қызыңды жылатып кете бардың,
Мына өмірге қолыңды бір-ақ сермеп.
"Әке"- деген, айбын ғой ұғынғанға,
Арқа сүйер қорғаның,
Тірі болса...
"Әкесіздер" санына мен де ендім,
Жан әкемді я Раббым Өзің қолда!
05.02.2020