11.10.2023
  84


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Ұлыма

Енді сен емессің жас бала,
Қыздардың қолынан ұстама.
Ол саған сыныптас болғанмен,
Жар болар адам ғой басқаға..

Қалжыңдап тиісе бермегін,
Абайлап, ойланып сөйлегін.
Сыйлама ешкімге махаббат,
Пәк болсын арамнан көздерің.

Ерінің тимесін бетіне,
Шындықты жасырам несіне.?
Адал жар сұрасаң Аллаһтан,
Жолама некесіз ешкімге!

Күлімдеп қарама сұқтанып,
Немесе тығылып,​ ұрланып.
Махаббат - сынағы Раббыңның,
Ойнама сезіммен қуланып.

Сақтағын өзіңді,​ көзіңді,
Жолдас ет, таусылмас төзімді.
Пәк жанға бұйырар ақ неке -
Бұзбағын болашақ тегіңді!

Білемін, сен әлі баласың,
Көп сөздің ұқпайсың парасын.
Бұл саған ерекше ескерту,
Өскенде түсініп аласың.

Гүлмекен Қасенбай
10.12.2021





Пікір жазу