11.10.2023
102
Қыз деген кім?
Ботам, сені "қыз" дейді,
Қыздар қысқа кимейді.
Арсыз болсаң, ұятың аз,
Халық сөзбен тілдейді.
Жаным, сені "қыз" дейді,
Үлбіреген гүл дейді.
Бейәдеп сөз сөйлесең,
Ешкім жақсы көрмейді.
Елің сені "қыз" дейді,
Тазалыққа теңейді.
Салақ болсаң, жиреніп,
Тамағыңды жемейді.
Күнім, сені "қыз" дейді,
Шуақ шашқан нұр дейді!
Ұрысқақ болсаң, тырысып,
Жаныңда ешкім жүрмейді.
Тәттім, сені "қыз" дейді,
Әркім сынап, мінейді.
Сабырлы бол, салмақты,
Сонда өсек ілмейді.
Құлыншағым қызым,
Мені дұрыс түсін.
Бәрін де өзің білесің,
Үйренсең көп білім.
17.03.2019
Гүлмекен Қасенбай