11.10.2023
93
![](/uploads/shorttexts/author_image/2023-10-09-15-36-49.png)
Қатты сағындым
Адамдарды қатты сағындым,
Қауіп емес, бақыт сыйлайтын.
Шыншылдарды қатты сағындым,
Бас кетсе де айыл жимайтын.
Батырларды қатты сағындым,
Көзсіз ерлік жасай алатын.
Үлкендерді қатты сағындым,
Әр ісімен үлгі болатын.
Аруларды қатты сағындым,
Ар-намысын биік қоятын.
Балаларды қатты сағындым,
Үлкендерді сыйлай алатын.
Туыстарды қатты сағындым,
Пайда ойламай көмек беретін.
Үкіметті қатты сағындым,
Еш алаңсыз арқа сүйейтін.
07.10.2022