10.10.2023
  134


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Кешір әке

Еркелеткенің есімде:
«Құдай бере салғаным» - деп.
«Әкем бар»- деп,​ еркін өстім,
Жарым көңіл болғаным жоқ..
Үміт күттің,​ ертеңімнен,
Арманыңа жеткізгем жоқ.
Тым болмаса сыйлық сыйлап,
Жақсы көлік мінгізгем жоқ..
Арманыңды алыстаттым,
Сен қалаған жолмен жүрмей..
Түсінбестік қашан кірді,
Арамызға еш білдірмей..?!

Кешірші, әке..
Кешірші мені..
Меккеге апара алмадым мен сені.
Кешірші, әке..
Кешірші қызыңды..
Қосамын күн-түн дұғама сізді.

Алыстан келсең,​ жолыңа қарап,
"Тәтті әкелдің бе?" - деп, қолыңа қарап.
Еркелеп сөйлеп, өзімсіп кейде,
Әзілдесуші едім досыма балап..
Ақыл айтсаң жүре тыңдап,
Сөз көтермей іштей тулап.
Қарсыластым әр сөзіңе,
Ниетіңді білмей қымбат.
Жүрегің ақ,​ тілегің ақ,
Бізге деген пейілің пәк.
Балалықпен байқамаппын,
Қаталдығың бер жағыңда-ақ..

екен ғой..​ бөтен ой...
Мені текке адастырған екен ғой!
Шалалық, балалық,
Менен алыс болған екен даналық!

Г. Қасенбай
03.12.2022


 





Пікір жазу