10.10.2023
  137


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Дәрігер жиенге

Қыз мінезді,​ алтын жігіт,
Жүреді ылғи мәз боп күліп.
Қолы — жеңіл,​ сөзі — шипа,
Атасындай үздік медик!

Жедел көмек көрсетеді,
Қатты ауырсаң әкетеді.
Дәрігерге қабылдатып,
Қиқулатып жөнеледі.

Болсын әр кез жүзі жарық,
Ісі — оңды,​ жолы — ашық,​
Елге әйгілі дәрігер болсын,
Академия оқып алып.

Иманды ару жолықтырып,
Әке атансын ұл-қызды боп.
Ата-анасын бақытты етсін,
Ізгілердің жолын қуып!

Жастан-жасқа жете берсін,
Жүзден аса өмір сүрсін.
Екі өмірде бақытты боп,
Абыройы өсе берсін!

Т/б нағашылары
24.12.2022





Пікір жазу