10.10.2023
125
Махаббат үйленген соң басталады
Махаббат үйленген соң басталады,
Татулық қиындықты басқарады.
Сыйласып, сабыр еткен жұптар ғана -
Қарттықты қарсы алуға аттанады..
Махаббат - ақ отаудың шамшырағы,
Үлкеннің ақ батасы, ар тұрағы.
"Ұзағынан болғай" - деп, бұл қуаныш,
Аналардың көзіне жас тұнады.
Махаббат - құдалардың татулығы,
Жастарға басу айтқан, ақыл үні.
Жас отаудың түтінін түзететін -
Туыстардың риясыз жақындығы.
Пәк махаббат баршаға тілейін мен,
Құт, бақыт келсін үйге ақ келінмен.
Мың шүкірлік айтамыз, Жаратқанға,
Біздерге дәл сіздердей құда берген!
Гүлмекен Қасенбай
11.11.2021