10.10.2023
  415


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Құрбыға туған күнге тілек

Туған күнің құтты болсын жан құрбым,
Берекелі, бақты болсын тағдырың!
Қос өмірде мұң шалмасын жүзіңді,
Ең сүйікті құлы болып Раббыңның!

Ұл-қызыңның бірге көріп қызығын,
Жан-жарыңмен тең қартайғын Нәзігім.
Сезімдерің бір-біріңе сөнбестен,
Фирдауста жалғастырсын жануын!

Еркелей бер, күлімдей бер, күндей боп,
Дәл өзіңдей құрбыны әлі көргем жоқ.
Мені күнде өз үйіне шақырып,
Сен секілді қонақ еткен ешкім жоқ!

Ата-анаң да мені қатты құрметтеп,
Бар тәттісін ұсынатын «жаным» деп.
Құт кетпесін шаңырағыңнан қонақжай,
Ақ пейіл мен жомарттығың себеп боп.

Қандай істе жүрсең-дағы табысты,
Күреп тауып, оза бергін жарыста!
Ақкөңілім, сені жақсы көремін,
Ренжімеші мұңайтқан кезім болса?!

Келе берсін туған күнің жыл сайын,
Ең керемет тосын сыймен әрдайым.
Өлеңменен өрген аппақ тілегін,
Баяғы сол, өзіңнің Гумкатайың!


Гүлмекен Қасенбай.
04.06.2023 жыл.


 





Пікір жазу