"Сынық терезе" деген теориясы
"Сынық терезе" деген теория бар. Бүгінгі Нью Йорктің келбетін қалыптастыруға ең үлкен әсер еткен теория.
Бұзықтардың, қылмыскерлердің қаласынан әлем астанасына айналуына әсер еткен теория.
Ол теория бойынша егер ғимараттың бір терезесі сынып тұрса, оның айналасындағы терезелерді сындыру ықтималдығы жоғары. Яғни өзі де сынып тұр, басқасын сындырғаннан зиян келмейді деген түсінікке саяды.
Сен қолыңдағы мусорды жол бойына тастай салуың да осыған қатысты. Егер сен жолдан басқа бір қоқыс көрсең саған тастау жеңілірек. Себебі саған дейін де ол жерде қоқыс болды. Ал егер жол бойы таза болса сенің қоқысты тастауың да қиынға соғады.
Теорияның мәні сол, адам айналасына бейімделеді. Олар саған дейін де болғандықтан нормаға айналып кетеді.
Бұл барлық жерде жұмыс істейді. Тек қоқыс, бұзақылық емес, ортаңа да, өзіңе де қатысты.