11-сыныптардың 1-сыныптарға арнауы:
1) Мектепке қош келдің жас талап,
Ең биік мақсатты арқалап.
Бұл жерде оқисың он бір жыл,
Қоштасу.. Бірақ тым қиын-ақ!
2) Тілейміз сендерге сәттілік,
Оқуға қылмағын салғырттық.
Білім ал, көп оқы, көп үйрен,
Білумен келеді жақсылық.
3) «АйСафты» тапсырдық сендерге,
Жаман сөз келтірме мектепке.
Абайсыз істеген қателік,
Қоғамға жайылар әп-сәтте!
4) Сендерсің — елімнің ертеңі,
Сендерсің — мектептің өркені.
Әр қайсың жақсы оқып, тәртіпті.
Болыңдар мақтаулы, үлгілі.
5) Қош келдің, сүйкімді, балақай,
Ұстазың қарсы алды анаңдай.
Қабағын түйгізбе, мұңайтып,
Озат боп, шаттандыр баладай!
6) Қыздардың қорғаны, мекені,
Сен де сүй, АйСафтай мектепті.
Абыройын арыңдай қорғай біл,
Мақтан ғып жүрейік сендерді!
7) Тәп-тәтті бүлдіршін жас талап,
Өзіңе жоғары қой талап.
Қалдырма себепсіз сабақты,
Білімді — әлемді басқарад(ы)!
Гүлмекен Қасенбай
22.08.2023