09.10.2023
  165


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Әріптестерімді жігерлендіру

Махаббат пен мейірімнен жаралған,
«Білім» атты, даналықтан нәр алған.
Үйде — ана, келін, жұбай, қыз болып,
Ал мектепте — сәйгүліктей бап алған.

Жаны — нәзік, жүректері — мейірлі,
Мұңайса да, көрінетін көңілді...
Отбасы мен қатар сүйреп мектебін,
Шаршамайтын...
Біздің қыздар ең ізгі..!!!

Биылғы жыл — болсын тағы табысты,
Жібермейік, өтер ешбір жарысты.
Шәкірттерді Құлагердей жаратып,
Оятайық, ұйықтап жатқан намысты!

Алға «АйСаф», оқу жылы басталды,
Арқамызға «ұлы міндет» тасталды.
Өнеге боп ісіміз бен біліммен,
Даярлайық ең үлгілі қыздарды!

Гүлмекен Қасенбай
03.09.2023





Пікір жазу