meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  09.10.2023
  213


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Ұстаз деген..

Ұстаз деген — тәрбиенің үлгісі,
Ұстаздардың өнеге ғой — әр ісі.
Ұстаз жаны — мейірімнің ошағы,
Ұстаз болу — адамдықтың ең шыңы.

Ұстаз деген — шексіз сүю баланы,
Ұстаз болу — шексіз тану ғаламды.
Ұстаз болып «ұлы» болмау қиянат —
Ұсақтықтан таза ұстап санаңды...!

Ұстаз деген — үлгі болу үнемі,
Ұстаз ғана өз орынын біледі.
Ұлы өмірге шәкірттерін дайындап,
Ұстаз ғана «ел» деп өмір сүреді.

Ұстаз болу — үнемі алға ұмтылу,
Ұлағатты тәрбиеңді ту қылу.
Ұялмайтын ғұмыр кешіп жалғанда,
Ұлылардың өнегесін жыр қылу.

Ұстаз жайлы талдау жасап өлеңмен,
Ұсынайын мерекеде бүгін мен.
Ұстаздары жасай берсін елімнің,
Ұлт намысын қорғайтұғын біліммен!

Гүлмекен Қасенбай
03.10.2023





Пікір жазу