09.10.2023
  329


Автор: Еңбек күнi

Еңбек берер жемісін

Ия, қандай да бір істі бастамас бұрын ол істі шын жүрекпен қалап, шын ниеттеніп жасай білсек, әр істі тиянақты етіп, аса жауапкершілікпен атқара білсек — еңбек берер жемісін! Расында да, жақсы істер мен көптеген қиыннан қиыстырып жасалынатын зәулім үй, биік ғимараттар тағы сол сияқты көз тартатын мемлекеттік мекемелерді алып қарар болсақ бәрі де адамның қолынан өткен осы еңбектің жемісі. Еңбек ету арқылы әрбір адам өз керегін алып, өз керегіне қол соза біледі. Еңбексүйгіш жандарға күн демде өтіп, уақыт зымырай өтетін болса, қолында еңбегі жоқ жалқаудың күні тоқтағандай, уақыты жылжымағандай көрінеді. Яғни олар үшін таңның атысы мен күннің батысында мән-мағына жоқ.
Адамдардың жануарлардан басты айырмашылығы жаңалықтар ашып, күн-түн демей еңбек етуінде. Еңбек арқылы дараланып, еңбек арқылы көп нәрсеге қол жеткізіп отыратын азаматтар мен азаматшалардың қоғамда алар орындары ерекше дер едім. Қарап отырсақ қимыл, іс-әрекеттердің барлығы да осы еңбекпен келеді екен. Еңбек арқылы биік шыңға шығып, еңбек арқылы өзінің діттеген нәтижелеріне қол жеткізіп отырады.
Жалпы, көптеген салалардың басын біріктіріп, жаңашылдыққа жол ашатын да осы еңбектің арқасында дер едім. Ал еңбексіз жатқан адамдар болса олардың тіптен жан-жағына қарайлауға уақыты болмас.

Еңбек берер аспандағы күн, айын, еңбек берер қуанышты күн дәйім. Еңбек барда тыныш біздің жанымыз, Жар болсыншы баршаңызға Құдайым! — деп бұл жазбамды тамамдайтын болсам, қандайда бір іс болсын, ол іс үлкен немесе кішкентай болсын барлығы да осы еңбектің арасында келетіні анық.
Ендеше, келіп жеткен екбек күні құтты болып, бар қуаныш орнала берсін! Еңбектеріңіз жанып, еңбек жолында табысқа жете беріңіздер!





Пікір жазу