meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  09.10.2023
  124


Автор: Еңбек күнi

Құтты болсын ұстаздар еңбек күні

Құтты болсын ұстаздар еңбек күні,
Жақсылыққа бастайтын еңбектерің.
Еңбегіңіз жансын тек, бағаланып,
Білімменен баланы тербеткенің.

Ұстаздарым ұлтымның жанашыры,
Қабыл болсын жасаған игі істерің.
Еңбектерің жемісін беріп лайым,
Қуантудан танбасын шәкірттерің.

Оқушылар жақсы оқып, талап қылса,
Қуанасыз білемін, ұстаздарым.
Сәтілік пен жақсыға толы болсын,
Оқушымен бірге өткен қыс, жаздарың!





Пікір жазу