09.10.2023
  66


Автор: Еңбек күнi

Құттықтаймын бүгін еңбек күнімен

Құттықтаймын бүгін еңбек күнімен,
Еңбек етер игі жандар халыққа.
Еңбектерің жана берсін әрдайым,
Істеріңіз болып жақсы қалыпта.

Адал еңбек бере берсін жемісін,
Аппақ жолмен биіктерге өрмелеп.
Сыйластық пен болсын бірлік, ынтымақ,
Еңбек жолда біздерге ол ең керек.

Еңбекпенен жандарыңыз жандансын,
Еңбек тербеп әрбір күнді лайым.
Еңбек күні сыйлай берсін қуаныш,
Еңбек сүйер жанға жар боп Құдайым!





Пікір жазу