09.10.2023
  51


Автор: Еңбек күнi

Еңбегіңе қарайды

Қай жерге де барсаң да,
Еңбегіңе қарайды.
Еңбекпен таң атырсаң,
Сенен шуақ тарайды.

Еңбек барда бақыт бар,
Қуанышын беретін.
Сыйлылық бар, адамдар,
Сені жақсы көретін.

Еңбегіңмен мықтысың,
Сені құптар бар адам.
Жүзің жайнар, жарқырап,
Күндей болып тараған.





Пікір жазу