09.10.2023
  114


Автор: Еңбек күнi

Еңбек етсең ерінбей

Еңбек етсең ерінбей,
Табылады керегің.
Таңдап, талдап жұмысты,
Ауыр екен демегін.

Жатсаң үйде шалқайып,
Еңбексіз күн қараңғы.
Шайтан мінер иыққа,
Құлықсыз қып адамды.

Еңбек түбі берекет,
Табысын көп беретін.
Еңбек күні — мереке,
Көңілге күй себетін.





Пікір жазу