05.10.2023
  745


Автор: Республика күні

Республика күні құтты болсын

Көптен бері күттірген декларация қабылданған күн, азаттық кеп қазақтың бағы жанған күн, жиырма бесі қазанның есік ашып, тәуелсіздік еліме бүрін жарған күн. Сол күннен соң елімізде айқындалды, шекарасы, жері мен ұлты ғажап, қазақ тілі бойын тіктеп мерейленді, шұбарланған қос тілді кедейленді. Бұл декларация бастауы азаттық күн, есік ашқан ерекше ғажапты күн. Елімізде орналып бар жақсылық, жалғай түсті таңымызды озатты күн. Күн күлімдеп аспаннан үн қатады, ақындар мен жыршылар жырлатады. Содан бері бағымызда гүлдер жайнап, азаттықтың атуда құба таңы.
Республика күнінде жалындайық, өзге елге бағынып, жалынбайық. Жиырма бесі қазанның ерекше күн, қайғы-мұңға шатасып, салынбайық. Егеменді еліміз Қазақстан, гүлді мекен көз тартар ғажапстан. Байқайсыз ба ағайын, туысқандар, ғажайыбы көз тартар тым алыстан. Байлығымыз азаттық әр күніңіз, күліп атар шырайлы таң нұрымыз. Республика күнінде біздер қане, би билейік ән айтып кел бәріміз...
Республика күні бұл таңғажайып, азаттықтың бастауы жалындаған. Қазақ елі қонақжай, мейірімді, өзімсіреп ешқашан тарылмаған. Республика күнінде жүрейік бір, күлім қағып шырайлы көктегі күн, шаттықта бір шырқалып ән менен жыр. Расында Республика күні жайлы қалай айтсақ та көкейге қонады. Бір кездері Республика күні жетімсіреген баладай мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталған еді. Бірақ көп ұзамай өз мәртебесіне қайта қол жеткізіп мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды. Күн нұрындай болып жанымызды жадырата түскен Республика күні елімізге қуанышы мен қызықты сәттерін сыйлай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!





Пікір жазу