05.10.2023
  598


Автор: Республика күні

Республика күнінде

Республика күнінде әрбіріміз өткен күннің салқынды ызғарын сезінеріміз анық. Расында да Республика болып танылу елімізге оңай соқпады. Қаншама зиялы қауым бозторғайдай шырылдап, 1986 жылдың желтоқсан оқиғасында қаншама боздақтар өлім құшты емес пе?! Біз өткенімізді ұмытпай, олардың ел үшін деп жасаған әрбір істерін өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге айтып, оқытып отыруымыз керек. Өткен күн үлкен тарих. Тарихты білу арқылы өсіп келе жатқан балалар, жастар елімізге тәуелсіздік қалай келгенін біліп, азаттықты сақтап қалудың қандай маңызы зор екендігін біліп журулері тиіс.
Расында да, Тәуелсіздікті алу бізге оңай болмады. Қаншама қиын қыстау күндердің арқасында, боранды, ызғарлы күндердің аязы мен суығына шыдау арқылы есіктен енген азаттығымызға жол ашқан осы 1990 жылы қазан айының 25 сі күні қабылданған декларация еді. Осы декларациядан кейін еліміз Тәуелсіз ел ретінде бойын тіктей бастады.
Бұл декларация арқылы әлемде Қазақстан Республикасы бой көтерді. Декларация қабылданған күн Қазақстан елінің «Республика күні» болып танылды. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.   
Республика күні халықтық мереке. Бұл күні елде мерекелік көңіл-күй орнап, концерттік бағдарлармалар қойылып, көптеген іс-шаралар өткізілп, халық шад-шадыман күйде жүреді. Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып әлем картасынан орын алды. Бұл бұрынға ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы армандап, аңсаған азаттықтың ақ таңы еді. Ендеше, Азаттықты мәңгі ұстап тұру әрбір Қазақстандықтарға парыз деп білеміз!





Пікір жазу