05.10.2023
  1231


Автор: Республика күні

Құттықтаймын Республика күнімен

Жаны жайсаң азат елім, қазағым,
Құттықтаймын Республика күнімен.
Көк туымыз көгімізде желбіреп,
Қазақ елі нұр таймасын жүзіңнен.

Ашық болып аспаның Қазақ елі,
Төрт құбылаң тең болсын әрқашанда.
Республика күні бұл бақыт сыйлап,
Тек қуаныш әкелсін барша адамға.

Тұғырлы боп азаттық күніміз бұл,
Тыныштығын сыйласын елімізге.
Жаратқаным жар болып қолдап әркез,
Бейбіт күнін мәңгі етсін жерімізде...





Пікір жазу