04.10.2023
64
Химия өнеркәсібі қызметкерлері күнімен!
Химия өнеркәсібі біздің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесі зор.
Өңірдің химия өнеркәсібі өнімдерінің ірі өндірушісі және экспорттаушысы - «КазАзот» АҚ болып табылады. Кәсіпорын индустрияландыру бағдарламасы аясында технологиялық жабдықтарды жаңғырту мен қайта құрудың 3-ші кезеңін өткізуде және өнімді жақын және алыс шет елдерге экспорттайды. «ҚазАзот» АҚ біздің өңір үшін маңызды әлеуметтік мәнге ие. Компанияда мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы химия өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды. Жоғары кәсібилік пен жемісті ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздерге жаңа өндірістік табыстар, сенімді іскерлік серіктестер, алға қойған жоспарларыңызды іске асыру, мықты денсаулық және амандық тілейміз!