Арманда мені арманда!
Күн қызарып ұясына батады,
Түнде бітіп қайта таңда атады,
Бәрініңде бітер шағын білеміз,
Барлығымыз бұл өмірден кетерміз.
Еске алып уақыт өтсе арада
Өлеңімді қайта оқып шыққанда
Мына мені көп сағынсаң жалғанда,
Сол кездерді ойлап басың қатқанда,
Мен секілді іштей күйіп жанғанда,
Биік тауым көк аспанды жарғанда,
Айға қарап сенде мені арманда!
Ақ бұлтқа сәлем жолдап хат жазда,
Жыл құсына бере салғың сапарға,
Күн күркіреп қатты нөсер жапқанда,
Көкке қарап тағы мені арманда!
Көздің жасы әлі күнге ағады,
Мына жүрек іштей өліп барады,
Қай ғасырда туылсамда қай ғалам,
Тек өзіңе ғашық болам қайтадан.
Қара түнек күнді басып алғанда,
Қара аспанға Айда жарық шашқанда,
Аспан асты қарап мені арманда!
Жүрегіңмен сен оңаша қалғанда.
Тағы ойла жел сырларын айтқанда,
Терең теңіз мұңын айтып жатқанда,
Сен арманда мына мені арманда!
Бұл әлемде жалғыз өзің қалғанда.
Көк аспаннан қарап тұрып қызғанам,
Менде сені арманымда сағынам...