03.10.2023
  147


Автор: Қазақстанның көші-қон қызметкерлерінің күні

Қазақстанның көші-қон қызметі күні құтты болсын

5 сәуір құқық қорғау органдары жүйесінде кәсіби мереке - Қазақстанның көші-қон қызметі күні.

Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы паспорттық жүйе туралы ереже" қаулысын қабылдауы нәтижесінде елдегі паспорттық-визалық қызмет қайта ұйымдастырылды. 1999 жылы паспорт-виза қызметі Көші-қон полициясы болып өзгертілді. Қызметтің міндеттері мен функциялары, оның құрылымы өзгерді.

Уақытша тіркеу, тұрақты тұруды ресімдеу, азаматтықты ресімдеу, куәліктер мен паспорттар беру — мемлекеттік-маңызды және қажетті істер. Біздің аймақтың географиялық орналасуын ескерсек, көші-қонға қатысты мәселелерге ерекше назар аударылады.

Осыған байланысты Алматы облысының ПД барлық ардагерлер мен көші-қон қызметінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды және жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық, бақ пен береке тілейді.





Пікір жазу