30.09.2023
  2793


Автор: Туған күнге тілек

Туған күнге арналған тілек (қайын сіңіліге)

Құтты болсын туған күн,
Қайын сіңілім жарқыным.
Жаңа жасың бақ сыйлап,
Шуақ шашсын әр күнің.

Бақытты бол ботагөз,
Балдай жанып көздерің.
Сақтай көрсін Жаратқан,
Сөздерінен өзгенің..

Әр қадамың құт болып,
Жарқырай түс сіңліжан.
Шаттығымен тербесін,
Жаңа жасың, күнің әр.





Пікір жазу