29.09.2023
  2026


Автор: Туған күнге тілек

Туған күнге арналған тілек (келінге)

Құтты болсын келінім,
Туған күнің кеп жеткен.
Бақытты бол ұлыммен,
Күнің көп боп нұрлы еткен.

Бар жақсыны тілеймін,
Мен өзіңе келінім.
Қуанышта, шаттықта,
Гүл жайнасын өмірің.

Жастан жасқа жете бер,
Жанды тербеп шаттығың.
Сыйластықта әрдайым,
Шыға берсін тәтті үнің!





Пікір жазу