29.09.2023
  659


Автор: Туған күнге тілек

Туған күнге арналған тілек (қызыма)

Қызым менің гүл бағым,
Құтты болсын мерекең.
Туған күнде қуанып,
Арта берсін берекең.

Қуанышың көп болсын,
Жақсылыққа бастайтын.
Мықты болғын жан қызым,
Қиындықтан сатпайтын.

Жарқырай түс, жайнай түс,
Гүлдей жайнап өмірің,
Жастан жасқа жете бер,
Ұзақ болып ғұмырың.





Пікір жазу