meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  27.09.2023
  513


Автор: Туған күнге тілек

Туған күнге арналған тілек (қарындасқа)

Қарындасым бүгінгі,
Құтты болсын туған күн.
Көңіліңді тербесін,
Әсем әуен ән мен жыр.

Бар жақсыны өзіңе,
Қарындасым тілеймін.
Ортамызда сен аман,
Күліп-ойнап жүр деймін.

Қуана түс шаттана,
Артып әр күн шаттығың.
Тербей берсін өзіңді,
Қарындасым тәтті күн.





Пікір жазу