27.09.2023
824
Туған күнге арналған тілек (ініге)
Құтты болсын мерекең,
Бауырмашыл жан інім.
Қуанышпен тербесін,
Бақыт сыйлап әр күнің.
Жаңа жасың сыйласын,
Бар жақсысын өмірдің.
Қуанып тек шаттана,
Биік болсын көңілің.
Асық болып аспаның,
Бақытты бол бауырым.
Кірбің шалмай көңілді,
Ғұмырлы бол жан інім.
туған күн туылған күнге тілек туған күнге тілек ініге туған күнге тілек інім туған күн құтты болсын бауырым туған күніңмен