27.09.2023
  474


Автор: Туған күнге тілек

Туған күнге арналған тілек (әпкеге)

Құттықтаймын бүгінгі,
Әпке туған күніңмен.
Жастан жасқа жетіңіз,
Күлкі кетпей жүзіңнен.

Қуана түс шаттана,
Гүлді бағың жайқалып.
Бар қуаныш әпкетай,
Жүзіңізден байқалып.

Арайлы таң қуантсын,
Шуағымен тербелеп.
Әр ісіңіз әпкетай,
Сәтті болсын дөңгелеп...





Пікір жазу