27.09.2023
  526


Автор: Туған күнге тілек

Туған күнге арналған тілек жан аға (ағаға)

Құттықтаймын жан аға,
Мерекеңмен бүгінгі.
Жеке меншік мерекең,
Қызықты етсін күніңді.

Бақытты бол жан аға,
Гүлді бағың жайқалып.
Қуанышты жүзіңнен,
Шаттығың көп байқалып.

Мықты болып саулығың,
Ұзақ болсын ғұмырың.
Жасай берші жан аға,
Биік болып тұғырың!





Пікір жазу