27.09.2023
4109
Туған күнге арналған тілек (әжеге)
Құтты болсын туған күнің Әжетай,
Бар жақсыны өзіңізге тілеймін.
Жүз жасаңыз, жастан жасқа жетіп сіз,
Шуақ шашар жарқыраған күндейін.
Ашық болып Әже сіздің жолыңыз,
Саулығыңыз мықты болып әрдайым.
Ортамызда күліп-ойнап жүріңіз,
Немерелер ортасында жоқ уайым.
Шаттаныңыз арайлы атып таңыңыз,
Күлім қағып әжетайым жүзіңіз.
Әр күніңіз сәттілікке толы боп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
туған күн туылған күнге тілек туған күнге тілек әжеге туған күнге тілек әже туған күн құтты болсын әже туған күніңмен