25.09.2023
  235


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Бақытты болуға хақым бар

Менен де өтті ме білместік,


Сен кетсең, жүрегім жылайды.


Үніңді жүрген соң күнде естіп,


Несіне кездестік?!


 


Не үшін сыр айттым таңдарға,


Бақытқа шомылып, көз ілем.


Жанарым желіден талғанда,


Несіне таныстық?


Обал-ай арманға..!


 


Сен өзі бөлексің,


Жаралы жанымды аялап


Басқаша сезімге бөлепсің,


Кетпеші, жарқыным,


Сен маған керексің!


 


Сезімсіз дедің бе ақындар,


Өзіңе асығар едім мен.


Кеудемде күш болса жақындар,


Аялда, аяулым менің де…


Бақытты болуға хақым бар!


 


Таңдарды жалғаған таңдарға,


Сендегі, мендегі —


Обал-ай арманға..!





Пікір жазу